04.09.2025ж. № 255
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың 18 ақпанында Асия Уриккараевна Амангельдиеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0004583 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 19 қарашаға дейінгі мерзімге тоқтатылсын.
2. Жамбыл облысы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат А.У. Амангельдиеваның, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы әділет департаментінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 01-1/32993-вн ұсынысы, адвокат А.У. Амангельдиеваның өтініші.
Төраға В. Калимова