05.09.2025ж.№ 257
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гулнар Мусабековна Кожинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2024 жылғы 15 қарашада берілген № 24032858 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
1. Маңғыстау облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.М. Кожинаның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;
3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.М. Кожинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 01-1/32503-вн ұсынысы, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық №2 сотының 2025 жылғы 14 тамыздағы ұйғарымы.
Төраға В. Калимова