Бұйрықтың күшін жою және лицензияның қолданысын қайта жаңарту туралы

29.08.2025ж. № 477 

Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі №165 «Лицензияның қолданысын тоқтату туралы» бұйрығының күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Толеген Мажитулы Байтеновке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген 2007 жылғы 10 қазанда № 0001496 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жаңартылсын.

3. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты Т.М. Байтеновтің, Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.К. Калимоваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 1-1/32137-вн ұсынысы, Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысы.

 

Вице-министр                                                Б. Жақселекова

Дата публикации
02 сентября 2025