Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

26.08.2025ж. № 250 

 «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың 10 мамырында Сарсенгали Биржанович Шликбаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 12003153 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 22 шілдеге дейінгі мерзімге тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат С.Б. Шликбаевтың, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы № 584/25-И өтінішхаты, адвокат С.Б. Шликбаевтың өтініші.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

Дата публикации
29 августа 2025