28.08.2025ж. № 474
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылы 25 желтоқсанда Ляззат Кусаиновна Темирбаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0001691 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті осы бұйрықты Л.К. Темирбаеваның, Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: 2020 ж. 14 қаңтардағы ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының №2пп-93-19 қаулысы.
Вице-министр Б. Жакселекова