Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

22.08.2025ж. № 248 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 6 қыркүйекте Алмагуль Калымжановна Мукушеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19018382 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылғы 18 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатылсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы адвокат А.К. Мукушеваның, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің ұсынуы, адвокат А.К. Мукушеваның өтініші.

 

 Төраға                                                                      В. Калимова

 

Дата публикации
25 августа 2025