22.08.2025ж. 246
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың 30 қаңтарында Марат Куанышевич Абдирахмановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 14001049 мемлекеттік лицензиясының қолданысы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс жүргізудің қозғалуына байланысты шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруды.
2. Жамбыл облысының Әділет департаментімен аталған лицензия қолданысын тоқтата тұру туралы М.К. Абдирахмановтың, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 25.06.2025 ж. № 150-25-3-1/583 ұйғарымы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің 11.07.2025 жылғы № 01-1/27342-вн ұсынысы.
Төраға В. Калимова