22.08.2025ж. № 245
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылғы 14 ақпанда Ренат Саматович Наинбаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0003516 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы Р.С. Наинбаевтың, Алматы қалалық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 08.07.2025 жылғы № 01-1/26656-вн ұсынысы, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының 31.12.2024 жылғы № 7525-24-00-1/325 үкімі.
Төраға В. Калимова