20.08.2025ж. № 238
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылғы 7 маусымда Гульнара Халеловна Жумагалиеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0003862 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Атырау облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы Г.Х. Жумагалиеваның, Атырау облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы Әділет департаментінің 09.07.2025 жылғы № 01-1/26782-вн ұсынысы, Атырау облысы Атырау қаласының №2 сотының 04.04.2025 жылғы № 1/682-24 үкімі.
Төраға В. Калимова