Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

20.08.2025ж. № 241 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ибрагим Амидуллаевич Шадиевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы
8 қыркүйекте берілген № 15016295 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус И.А. Шадиевтің назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.А. Шадиевтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № -1/29530-вн ұсынысы

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
22 августа 2025