Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

20.08.2025ж. № 242 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылғы 30 маусымында Галина Николаевна Киселёваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000801 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Қостанай облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы Қостанай облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 12.08.2025 ж. № -1/30890-вн ұсынысы, 07.08.2025 жылғы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.

 

 Төраға                                                                      В. Калимова

 

Дата публикации
22 августа 2025