20.08.2025ж. № 239
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мендыкыз Басыровна Утароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылғы
25 шілдеде берілген № 0000912 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Б. Утарованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;
3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Б. Утарованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Д.Б. Кусаиновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 01-1/29207-вн ұсынысы, Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының
2025 жылғы 12 маусымдағы жеке ұйғарымы.
Төраға В. Калимова