Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

15.08.2025ж. № 233

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гулджан Измухановна Ниязимбетоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2006 жылғы 20 қыркүйегінде берілген № 0000611, мемлекеттік лицензиясының қолданысы              2026 жылдың 15 ақпанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.И. Ниязимбетованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.И. Ниязимбетованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 11 тамызындағы № 01-1/30637-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Г.И. Ниязимбетованың арызы.

Төраға                                                                        В.Калимова

Дата публикации
18 августа 2025