14.08.2025ж. № 232
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гүлжан Амангелдіқызы Нұғмановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылғы
11 мамырда берілген № 0000851 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А. Нұғманованың назарына жеткізсін;
2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;
3) жекеше нотариус Г.А. Нұғманованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.А. Нұғманованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Д.Б. Кусаиновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № -1/30680-вн ұсынысы, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының №2 сотының 2025 жылғы 15 мамырдағы үкімі, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 шілдедегі қаулысы.
Төраға В. Калимова