Лицензияның күшiн тоқтату туралы

13.08.2025ж. № 227 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Самат Тлеубаевич Кусаиновке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы
28 қазанда берілген № 14016080  мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Т. Кусаиновтың назарына жеткізсін;

2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;

3) жекеше нотариус С.Т. Кусаиновтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Т. Кусаиновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Д.Б. Кусаиновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № -1/30228-вн ұсынысы, Абай облысы Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 мамырдағы шешімі, Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 шілдедегі қаулысы.

 

Төраға                                                                        В.Калимова

Дата публикации
14 августа 2025