11.08.2025ж. № 224
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың 20 қаңтарында Жанат Молдахасымович Сеитовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000492 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Ж.М. Сеитовтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің төраға орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы әділет департаментінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № -1/30004-вн ұсынысы, адвокат Ж.М. Сеитовтың өтініші.
Төраға В.К. Калимова