Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

11.08.2025ж. № 225 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алмагуль Мухамбеткалиевна Есеналинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылдың 14 қыркүйегінде берілген № 23020207 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үш ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.М. Есеналинаның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Есеналинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің  интернет –ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 01 тамыздағы №1-1/29657-вн ұсынысы қоса беріледі .

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
12 августа 2025