11.08.2025ж. № 223
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мурат Шакирович Нуримовтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 28 ақпанда берілген № 0001330 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Атырау облысының Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус М.Ш. Нуримовтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) лицензияның қолданысын тоқтату кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне шаралар қабылдасын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Ш. Нуримовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы Әділет департаментінің 05.08.2025 жылғы № 01-1/30000-вн ұсынысы, қайтыс болу туралы куәлік 24.06.2025 жылғы № 20-846-25-0000962.
Төраға В. Калимова