07.08.2025ж. № 218
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 мамырында Қартбаева Маусымжан Қартбайқызына адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000565 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 19 шілдеге дейінгі мерзімге тоқтатылсын.
2. Атырау облысы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат М.Қ. Қартбаеваның, Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5.Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облыстық адвокаттар алқасының 2025 жылғы 4 тамыздағы №ЗТ-2025-02608895 өтінішхаты, адвокат М.Қ. Қартбаеваның өтініші.
Төраға В.К. Калимова