Лицензияның күшiн тоқтату туралы

04.08.2025ж. № 214 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айслу Косынгалиевна Мендекеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы
23 қазанда берілген № 13016534 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.К. Мендекенованың назарына жеткізсін;

2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;

3) жекеше нотариус А.К. Мендекенованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.К. Мендекенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 1-1/28948-вн ұсынысы, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 27 маусымдағы үкімі.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

Дата публикации
05 августа 2025