Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

25.07.2025ж. № 206

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 11 ақпанында Карлыгаш Казбековна Айтенованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0001754 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат К.К. Айтенованың, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 2025 жылғы 11 шілдедегі №514/25-И өтінішхаты, адвокат К.К. Айтенованың өтініші.

 

 Төраға м.а.                                                            Ш. Бекенова

 

Дата публикации
28 июля 2025