Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 25.07.2025ж. № 205

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Искабул Ислямович Жубановтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0001377 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімге тоқтатылсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат И.И. Жубановтың, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2025 жылғы 11 шілдедегі №1-328 өтінішхаты, адвокат И.И. Жубановтың өтініші.

 

Төраға м.а.                                                              Ш. Бекенова

Дата публикации
28 июля 2025