Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

25.07.2025ж. № 210 

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылғы 5 маусымда Маржан Саяхатовна Токешеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12004247 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

 1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.С. Токешеваның назарына жеткізсін;

 2) лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін қайта бастау туралы шаралар қабылдансын;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 21 шілдесіндегі № 1-1/28323-вн ұсынысы, нотариус М.С. Токешеваның 2025 жылғы 18 шілдедегі өтініші.

 

Төрағаның м.а.                                                     Ш.Бекенова

Дата публикации
28 июля 2025