О приостановлении действия лицензии

№ 196 от 22.07.2025

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                                 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Абдикеримқызы Каттабековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы
    21 маусымда берілген № 0000104 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
    2025 жылдың 31 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.А. Каттабекованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.А. Каттабекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің басқарма басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № -1/26384-вн ұсынысы, жекеше нотариус Ж.А. Каттабекованың өтініші.

 

Төрағаның м.а.                                                   Ш. Бекенова

Дата публикации
24 июля 2025