Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 18.07.2025 ж. № 195 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Рахия Серикбаевна Узбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылдың
    4 мамырда берілген № 13007112 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1)  Астана қаласының  нотариаттық палатасына хабарлау;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.С. Узбекованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру;

3) жекеше нотариус Р.С. Узбекованың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылдың 19 маусымдағы
№
1-1/23421-вн ұсынысы, 2025 жылғы 12 маусымдағы № 2440844 қайтыс болу туралы куәлігі.

 

Төраға м.а.                                                           Ш. Бекенова

 

Дата публикации
22 июля 2025