Бұйрықтың күшін жою туралы

 17.07.2025 ж. № 401

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сәнім Берікқызы Бақбергенованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылдың 22 қаңтарда берілген № 19001126 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылдың 18 қарашадағы № 830 бұйрығының күші жойылсын.
  2. Шымкент қаласы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус С.Б. Бақбергенованың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

           

Негізі: 2024 жылдың 11 наурызындағы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі және 2025 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер бойынша алқасының қаулысы.

 

 

Вице-министр                                               Б. Жақселекова

 

Дата публикации
21 июля 2025