17.07.2025 ж. № 194
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2000 жылдың 18 қазанында Куралай Казгожина Мукушеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0002691 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2028 жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
- Ақмола облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы адвокат К.К. Мукушеваның, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облыстық адвокаттар алқасының өтінішхаты, адвокат
К.К. Мукушеваның өтініші.
Төрағаның м.а. Ш. Бекенова