16.07.2025 ж. № 191
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың 13 мамырында Асылбек Акильбекович Ракишевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0005586 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 21 қазандағы сот ұйғарымына сәйкес А.Д. Абеуованың алдындағы туындаған берешек өтелгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Астана қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат А.А. Ракишевтің, Астана қаласының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 16.04.2025 жылғы №7142-25-00-2м/20155 ұйғарымы.
Төраға м.а. Ш. Бекенова