14.07.2025 ж. № 187
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 17 сәуірінде Динара Қайратқызы Жүсіпке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19008843 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылғы
11 шілдесіне дейінгі мерзімге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Д.Қ. Жүсіптің, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 04.07.2025 ж. №-1/26312-вн ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының өтінішхаты, адвокат Д.Қ. Жүсіптің өтініші.
Төраға м.а. Ш. Бекенова