Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 185 от 10.07.2025 г.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Муратовна Сейтказинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 18 қыркүйекте берілген № 14013786 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 15 тамызына дейін мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.М. Сейтказинаның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.М. Сейтказинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 08 шілдедегі №01-1/26652-вн ұсынысы, Ж.М. Сейтказинаның арызы.

 

Төрағаның м.а.                                                    Ш. Бекенова

Дата публикации
14 июля 2025