Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 184 от 10.07.2025 г.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Акмарал Меирбековна Зиядановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 4 қыркүйекте берілген № 0001149 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.М. Зияданованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Зияданованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 01 шілдедегі №01-1/25423-вн ұсынысы, А.М. Зияданованың арызы.

 

Төрағаның м.а.                                                       Ш.Бекенова

 

Дата публикации
14 июля 2025