Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

26.06.2025ж. № 176

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылы 19 сәуірде Канат Рыскелдиевич Бейсебаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген №21015723 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты К.Р.Бейсебаев, Алматы қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: 2025 ж. 16 қаңтардағы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының шешімі.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

 

Дата публикации
26 июня 2025