20.06.2025ж. № 173
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 4-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың 06 қаңтарында Алия Сансызбаевна Серикбаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 16000037 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы А.С. Серикбаеваның, Алматы қалалық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 03.06.2025 ж. № 03-1/20709-вн ұсынысы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 08.11.2024 ж. № 7517-24-00-2/36477 шешімі.
Төраға В. Калимова