Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

18.06.2025ж.№ 170  

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына және Азаматтық процестік кодексінің 21-бабының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дидар Ерсаиновна Иксатоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 13 шілдеде берілген №15013000 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №995/23-59-6000, 2023 жылғы 2 қазандағы №1006/23-59-6000, 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №1348/23-59-6000, 2024 жылғы 25 қаңтардағы №89/24-59-6000, 2024 жылғы 21 наурыздағы №494/24-59-6000 атқарушылық құжаттардың талаптары орындалғанша тоқтатыла тұрсын.

2. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Е. Иксатованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Е. Иксатованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 28.05.2025 жылғы №-1/19896-вн ұсынысы, 29.11.2024 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 сотының ұйғарымы.

 

 Төраға                                                                    В. Калимова

 

Дата публикации
19 июня 2025