Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

18.06.2025ж. № 171

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Олеся Юрьевна Искаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы
25 желтоқсанда берілген № 14019587 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2025 жылдың 13 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус О.Ю. Искакованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус О.Ю. Искакованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № -1/20120-вн ұсынысы, жекеше нотариус О.Ю. Искакованың арызы.

 

Төраға                                                                     В. Калимова

 

 

Дата публикации
19 июня 2025