Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

16.06.2025ж. № 160

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асима Оралбековна Отарбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы
3 ақпанда берілген № 0002876 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.О. Отарбаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.О. Отарбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 01-1/17898-вн ұсынысы, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы жеке ұйғарымы.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
17 июня 2025