13.06.2025ж. № 159
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульнар Болатовна Жамбурбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылдың 13 мамырында берілген № 0000025 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Б. Жамбурбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Б. Жамбурбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет –ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 02 маусымындағы №-0401/1159- вн ұсынысы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының 2025 жылғы 18 сәуіріндегі ұйғарымы қоса беріледі.
Төраға В. Калимова