12.06.2025ж. № 158
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Аделя Фармановна Агакишиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы 28 қарашадағы берілген № 16018244 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ф. Агакишиеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Ф. Агакишиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 19 мамырдағы №01-1/18138-вн ұсынысы, А.Ф.Агакишиеваның арызы.
Төраға В.Калимова