05.06.2025ж. № 156
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың 22 ақпанында Максут Шаймуратович Асатовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 16003417 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2026 жылдың 14 сәуіріне дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы адвокат М.Ш. Асатовтың, Астана қалалық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының өтінішхаты, адвокат М.Ш. Асатовтың өтініші.
Төраға В. Калимова