04.06.2025Ж. № 151
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 10 қазанда Айгуль Болатовна Темиртасоваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19020483 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты адвокат А.Б. Темиртасованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: адвокат А.Б. Темиртасованың 2025 жылғы 30 мамырдағы № ЖТ-2025-01793828 өтініші.
Төраға В. Калимова