Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

26.05.2025ж. № 146

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Искабул Ислямович Жубановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0001377 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 30 маусымына дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат И.И. Жубановтың, Алматы қалалық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының өтінішхаты, адвокат И.И. Жубановтың өтініші.

 

 Төраға                                                                      В. Калимова

 

 

 

Дата публикации
27 мая 2025