23.05.2025ж. № 144
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 29 қаңтарында Ира Султанхановна Назароваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19001783 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Түркістан облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы И.С. Назарованың, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Д.Б. Кұсаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 24.04.2025 жылғы №03-1/15241-вн ұсынысы, 13.03.2025 жылғы айыптау актісі.
Төраға В. Калимова