23.05.2025ж. № 143
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мария Туманбаевна Токбергеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 12 қыркүйекте берілген № 0001615 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Жетісу облысы Әділет департаментіне:
1) жекеше нотариус М.Т. Токбергенованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Т. Токбергенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Жетісу облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № -60/602-вн ұсынысы, 2025 жылғы 21 мамырдағы № 20-920-25-0000136 қайтыс болу туралы акт жазба.
Төраға В. Калимова