22.05.2025ж. № 142
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Райхана Кадырхановна Сердалиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы
31 мамырда берілген № 13008648 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.К. Сердалиеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.К. Сердалиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Д.Б. Кусаиновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № -1/18681-вн ұсынысы, жекеше нотариус Р.К. Сердалиеваның арызы.
Төраға В. Калимова