Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 20.05.2025ж. № 140

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Елена Алексеевна Мойсиевичке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы
18 тамыз берілген № 0000547 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 25 мамырынан 2026 жылдың 25 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.А.Мойсиевичтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.А.Мойсиевичтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 29 сәуірде № -1/15744-вн ұсынысы, жекеше нотариус Е.А.Мойсиевичтың арызы.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

Дата публикации
21 мая 2025