14.05.2025 ж. № 135
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 22 сәуірінде Серік Ақылбекұлы Құрасбекке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19009201 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Шымкент қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы С.А. Құрасбектің, Шымкент қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 16.04.2025 ж. № -1/13906-вн ұсынысы, Шымкен қаласы адвокаттар алқасының 26.02.2025 жылғы № 95 хаты.
Төраға В.Калимова