14.05.2025 ж .№ 134
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Калжан Тулендинович Умурзаковқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы
1 наурызда берілген № 0001001 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қостанай облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.Т. Умурзаковтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус К.Т. Умурзаковтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.Т. Умурзаковтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі №-1/13653-вн ұсынысы, Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 аудандық сотының 2025 жылғы 26 қарашадағы үкімі, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 ақпандағы қаулысы.
Төраға В.Калимова