Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

12.05.2025ж. № 132 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ералин Амантай Кутпановичқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 24 тамызда берілген № 0001933 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қарағанды облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.К. Ералинның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.К. Ералинның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № № -0401/971-вн ұсынысы, жекеше нотариус А.К. Ералинның өтініші.

 

 Төраға                                                                      В. Калимова

 

 

Дата публикации
14 мая 2025