24.04.2025ж. № 126
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылғы 2 қарашада Максат Орынбасарови Шариповке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 23023925 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылдың 25 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Атырау облысы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат М.О. Шариповтың, Атырау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 2025ж. 2 сәуірдегі өтінішхаты және М.О. Шариповтың арызы
Төраға В. Калимова