Лицензияның күшiн тоқтату туралы

 21.04.2025ж. № 119

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ислам Адыльбекович Корыкпасовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 14 мамырында берілген № 21017703 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Жетісу облысы Әділет департаментіне:

1) жекеше нотариус И.А. Корыкпасовтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.А. Корыкпасовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің   интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жетісу облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № -60/409-вн ұсынысы, 2025 жылғы 8 сәуірдегі  № 20-915-25-0000440 қайтыс болу туралы акт жазба.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

Дата публикации
23 апреля 2025